Жаңалықтар

Облыс құрылғаннан бері денсаулық сақтау саласы материалдық-техникалық базамен 88%-ға қамтамасыз етілді.

Барлығы 333 бірлік медициналық жабдық сатып алынды, оның ішінде 2025 жылы – 96 бірлік (Жезқазған қаласына – 38).

Ағымдағы жылы 6 медициналық нысанда жөндеу жұмыстары басталды, оның ішінде Жезқазған қаласының 3 нысаны (емхана, медколледж, облыстық көпбейінді аурухана). Кадр тапшылығын азайту үшін облыстық бюджеттен 32 резидентке 179 млн теңге бөлінді. Жаңа келген 25 медицина қызметкеріне 170 млн теңге көтерме жәрдемақы төленді, 15 дәрігер қызметтік үймен қамтамасыз етілді (Жезқазғанда – 5 дәрігер).

Жедел медициналық жәрдем қызметі үшін 2 жаңа автокөлік, ал ауылдық жерлерге 3 санитарлық көлік сатып алынды. Келесі жылы тағы 10 автокөлік алынады.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 7 нысанның құрылысы аяқталды, оның ішінде Кеңгір ауылында дәрігерлік амбулатория бар. Жасанды интеллект қолданып, радиологиялық зерттеулердің бірыңғай базасы (ПАКС) құрылды.

2025 жылы негізгі көрсеткіштер төмендеді: жалпы өлім 3,7%-ға, бала өлімі 44,6%-ға, туберкулезбен сырқаттану 12,8%-ға азайды.

Жоспар бойынша, облыстық көпбейінді ауруханаға 100 төсектік жаңа корпус, Сәтбаев қаласында жарақат пункті (1,2 млрд теңге), Жезқазған қаласында Батыс ауданда емхана (7 млрд теңге, демеушілік қаражат) салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button