ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Жезқазған қаласының әкімдігінде әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Қоғам игілігі жолында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан сала мамандары мен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, мемлекеттік деңгейдегі марапаттар табысталды.
Іс-шара барысында Сатқанғұлова Майра «Еңбек ардагері» медалімен, Бисенова Маржан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хатымен, Байжасарова Сақинабану Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жезқазған қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Құсайынов өз сөзінде әлеуметтік қызметкерлердің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, бұл мамандықтың тек қызмет емес, үлкен адамгершілік пен жанкештілікті талап ететін миссия екенін атап өтті.
Іс-шара соңында Ербол Құсайынов барша әлеуметтік сала қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне береке мен табыс тіледі.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!



