Жаңалықтар
Өскеменде әскери оркестр мерекелік көңіл күй сыйлады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Өскемен қаласында ерекше мерекелік акция өтті. 5518 әскери бөлімінің әскери оркестрі қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында қоғамдық көліктердің бірінде музыкалық қойылым ұйымдастырды.
Әскери музыканттар жолаушыларға танымал әрі көңілді әуендерді орындап, қоғамдық көлікте нағыз мерекелік атмосфера қалыптастырды. Күтпеген тосынсый жолаушылардың жүздеріне қуаныш сыйлап, ерекше әсер қалдырды.
Сонымен қатар, әскери қызметшілер нәзік жандыларға гүл шоқтарын тарту етіп, алдағы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Мұндай игі шаралардың басты мақсаты – әйелдер қауымына құрмет көрсету, көктем мерекесі қарсаңында қала тұрғындарына қуаныш пен жақсы көңіл күй сыйлау.



