Жаңалықтар
Қаражал қаласының тау-кен техникалық колледжінде кездесу өтті

Бүгін Қаражал қаласының тау-кен техникалық колледжінде Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға колледж ұжымы қатысып, ел дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Кездесудің басты мақсаты – Конституцияға енгізілетін толықтырулардың маңызын түсіндіру, құқықтық мемлекетті нығайту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағыттарын таныстыру болды.
Кездесу барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері сөз болды. Қатысушылар бұл бастамалардың елдің тұрақты дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.



