Жаңалықтар

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Ұлытау облысында «Адамзаттың асылы – ана» атты мерекелік концерт өтті.

Салтанатты іс-шараға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысып, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген әйел қауымына құрмет көрсетілді.

 

Мерекелік кеш барысында қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп жүрген әйелдердің жетістіктері атап өтілді. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік сала және мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген аналар мен қыз-келіншектердің қоғамдағы орны мен еңбегі ерекше бағаланды.

 

Іс-шара аясында бірқатар азаматшалар Ұлытау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл марапаттар олардың кәсіби жетістіктері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін табысталды.

 

Мерекелік концерт барысында өнерпаздар әсем әндер мен шығармашылық қойылымдарын ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Салтанатты кеш аналар мен әйелдер қауымына деген құрмет пен алғысқа толы ерекше мерекелік атмосферада өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button