BasNewsЖаңалықтар
Елімізде коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады. Ер адам 1951 жылы туған. Ал екінші жағдай Қостанай облысында тіркелген – әйел адам 1965 жылы дүниеге келген.
Осылайша Қазақстанда барлығы 37 адам қайтыс болды:
Нұр-Сұлтан қаласы – 6
Алматы қаласы – 10
Шымкент қаласы – 6
Ақмола облысы – 4
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Қарағанды облысы – 3
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 2
Түркістан облысы – 1