Жаңалықтар
Ұлытау ауданында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті.

Аудан орталығында мерекеге орай 15 киіз үй тігіліп, ұлттық салт-дәстүрлер жаңғыртылды. Әрбір киіз үйде қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақтың бай мәдениеті мен қонақжайлығы кеңінен насихатталды.
Мерекелік шара барысында ұлттық ойындар ойнатылып, ән мен күй шырқалып, өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Тұрғындар мен қонақтар көтеріңкі көңіл-күймен Наурыздың шынайы атмосферасын сезінді.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 🌿
#DigitalNauryz #Nauryz2026



