Жаңалықтар

ШҚО-да көпбалалы аналарға 8 Наурыз мерекесіне орай біржолғы төлем беріледі

Өңірде көпбалалы отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Дәстүрге сәйкес, жыл сайын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық бюджет есебінен көпбалалы аналарға 15 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.

Аталған төлем марапатталған аналарға, сондай-ақ төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар аналарға тағайындалады.

Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдауға ерекше мән беріліп келеді. 2026 жылдың 1 наурызындағы мәліметке сәйкес, өңірде 13 492 көпбалалы ана тұрады.

Олардың ішінде 4 234 ана «Күміс алқа» алқасымен марапатталған, сондай-ақ «Батыр ана» атағын иеленген немесе I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерінің иегерлері. Ал 9 258 ана төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отыр.

Бұл санатқа кәмелет жасына толғанымен, колледждерде немесе жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде білім алып жүрген балалар да оқуын аяқтағанға дейін есепке алынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button