Жаңалықтар

«Жаңа заң – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында жаңа Конституция аясындағы өзгерістер жан-жақты талқыланып, әсіресе неке және отбасы бағытына қатысты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Қатысушылар отбасы институтын нығайту, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы жауапкершілікті күшейту жөнінде пікір алмасты.

Дөңгелек үстел ашық диалог форматында өтіп, жастар өз ұсыныстарын білдіріп, маңызды сұрақтарға жауап алды. Мұндай кездесулер жаңа заңнамалық өзгерістерді түсіндіруде және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button