Жаңалықтар

«Таза өлке – таза жер»: Ұлытауда ауқымды экологиялық акция өтті

Ұлытау облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жаңа кезеңіне бастау беретін ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Акция аясында «Таза өлке – таза жер» бастамасы жүзеге асырылып, оның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және тұрғындарды абаттандыру жұмыстарына кеңінен тарту.

Іс-шара барысында Жезқазған қаласының жастары мен эко-волонтерлары қала көшелерін тазарту жұмыстарына белсенді қатысты.

Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жүйелі түрде жүргізілуде. 2029 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарына сәйкес өңірде 43 іс-шара қарастырылған. 2025 жылға жоспарланған 34 іс-шараның 32-сі орындалып, 2-уі өтпелі ретінде жалғасуда. Оның ішінде халық көп жиналатын орындарда экобокстар мен фандоматтар орнату, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» конкурсын «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында өткізу көзделген.

2025 жылы өңірде 13 облыстық және 17 қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Таза бейсенбі» акциясы тұрақты түрде өткізілуде. Жалпы абаттандыру жұмыстарына 87 мыңға жуық адам қатысып, 1423 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 8 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, 27 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды.

Бұдан бөлек, өңірде «Таза жағалау», «Таза аймақ», «Мөлдір бұлақ», «Туған жер – алтын бесігім», «Жер сағаты», «Таза қала», «Үлгілі ауыл» сынды экологиялық бастамалар іске асырылып, «ProEko» экологиялық жобалар байқауы мен «Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистер форумы өткізілді.

2026 жылға арналған жоспарға сәйкес 34 іс-шара қарастырылған, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 3 іс-шара жүзеге асырылды. Барлық жұмыстардың орындалуы ай сайынғы мониторинг арқылы бақылауда. Бұл олардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға деген жеке жауапкершілікті арттыру.

Экологиялық акция «Таза Қазақстан» өңір тұрғындарын біріктіріп, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастырып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосуда.

«Таза Қазақстан» – экологиялық ойла, жауапкершілікпен әрекет ет!»

#ТазаҚазақстан #тұрақтыдаму #тазатабиғат #экология #TazaChallenge #ҰлытауОблысы

«Таза өлке – таза жер»: в области Ұлытау прошла масштабная экологическая акция

В области Ұлытау состоялось масштабное мероприятие, ознаменовавшее начало нового этапа республиканской экологической акции «Таза Қазақстан». В рамках акции реализуется инициатива «Таза өлке – таза жер», направленная на формирование экологической культуры, повышение ответственности за состояние окружающей среды и вовлечение жителей в работы по благоустройству.

В ходе мероприятия молодежь и эко-волонтёры города Жезказган активно приняли участие в очистке городских улиц.

Реализация Концепции «Таза Қазақстан» в области Ұлытау ведётся на системной основе. В соответствии с Планом действий до 2029 года в регионе предусмотрено 43 мероприятия. На 2025 год было запланировано 34 мероприятия, из которых 32 уже реализованы, ещё 2 являются переходящими. В их числе — установка экобоксов и фандоматов в местах массового скопления людей, а также проведение конкурса социальной ответственности бизнеса «Парыз» в номинации «За вклад в экологию».

В 2025 году в регионе было организовано 13 общеобластных и 17 городских субботников. На регулярной основе проводится акция «Чистый четверг». Всего в мероприятиях по благоустройству приняли участие около 87 тысяч человек, было задействовано 1423 единицы специализированной техники, вывезено более 8 тысяч тонн мусора и высажено свыше 27 тысяч саженцев деревьев.

Кроме того, в области реализованы экологические инициативы «Таза жағалау», «Таза аймақ», «Мөлдір бұлақ», «Туған жер – алтын бесігім», «Жер сағаты», «Таза қала», «Үлгілі ауыл», а также проведены конкурс экологических проектов «ProEko» и областной форум юных краеведов, экологов и естествоиспытателей «Табиғатты аяла».

На 2026 год в рамках реализации Концепции запланировано 34 мероприятия, из которых на сегодняшний день уже выполнены 3. Ежемесячный мониторинг позволяет обеспечить своевременное и качественное исполнение всех запланированных инициатив.

Основная цель проводимых мероприятий — формирование экологического сознания у подрастающего поколения и укрепление личной ответственности за охрану окружающей среды.

Экологическая акция «Таза Қазақстан» продолжает объединять жителей области Ұлытау, формируя ответственное отношение к природе и внося вклад в повышение качества жизни населения.

«Таза Қазақстан» — думай экологично, действуй ответственно!

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan #областьҰлытау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button