BasNewsЖаңалықтар

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Basnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Скандинавия аудандарынан шыққан антициклон Қазақстан Республикасының солтүстігінде, орталық және шығыс аумағында температураның төмендеуіне ықпал етеді. Кей жерлерде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыста Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларына байланысты ыстық және құрғақ ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады», – делінген хабарламада.

Back to top button