BasNewsЖаңалықтар

Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны неліктен артып кеткенін түсіндірді

Алматы қаласының мемлекеттік бас дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирус жұқтырғандар саны неліктен артып кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Өткен тәулікте қала бойынша 31 жағдай тіркелді. Тәуліктегі өсім көрсеткіші 1,1% құрады. Жалпы күнделікті өсім көрсеткіші 4,8 %-дан асқан жоқ. Күнделікті өсім көрсеткіші маңызды. Қала бойынша 2 647 жағдай тіркелді. Профилақтикалық тексеру кезінде 747 оқиға анықталды, бұл – 28,5%. Медициналық ұйымдарға өздері келгендерден 78 жағдай анықталды, байланыста болғандардар саны – 1 790», – деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол 1 627 науқастың жазылып шыққанын атап өтті.

«Індет жұқтырғандардың 8-9% жұмыс істейтіндер, зейнеткерлер – 1,6%, жұмыс істемейтіндер – 4,6%, балалар – 1,8%. Сенбі күні қала бойынша 117 жағдай тіркелді. Оның себебі көптеген жұмыс орындары ашылып, жұмысшылар тестілеуден өтті. Соның арқасында вирус жұқтырғандарды дер кезінде анықтадық. Яғни, мұның бәрі профилактикалық жұмыстың арқасында анықталып отыр», – дейді Жандарбек Бекшин.

Back to top button