BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда АҚШ әскери базасы салына ма? – Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік басылымға жауап берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік басылым «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында «Қазақстанда АҚШ әскери базасы пайда болуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын салу талқыланып жатқан жоқ және бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Сонымен бірге, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастық энергетика, инвестиция, технология сияқты стратегиялық салаларда табысты дамып келеді. Біз қарусыздану және ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша ұдайы байланыстамыз. Оған қоса, біз Алматыдағы бұрынғы обаға қарсы институт базасында биологиялық қауіпсіздік саласы бойынша да жұмыс істедік. Бірақ қазір келісімшарттың аяқталуына байланысты америкалықтар зертханадан кетіп, онда тек қазақстандық мамандар бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейді. Осы саладағы зерттеулердің өзектілігін ескере отырып, біз ресейлік мамандармен де тығыз ынтымақтастық орнатуға дайынбыз»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін Ресейдің «Комсомольская правда» газетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сұхбаты жарияланды.

Back to top button