BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда құлағалы тұрған үйлерді бұзу жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтанда ескі апатты күйде тұрған үйлерді бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Basnews.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 800-ден астам отбасы жаңа және қауіпсіз үйге көшіріледі. Мәселен, қазір Бейсекбаев көшесінде орналасқан ескі үйлер күрелуде. Бұл үйлердің пайдалануға берілгеніне 70 жылға жуықтады.

Жыл соңына дейін күрелетін үйлердің қатарында 1930 жылы салынған баспаналар бар. Бұдан бөлек 2020 жылы ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделіп, 100-ден астам жеделсатыға жөндеу және ауыстыру жүргігізіледі.

Жаңғырту бағдарламасы – ол қайтарылатын қаржы. Мемлекет күрделі жөндеуге қаржы бөледі, кейін ол 15 жыл мерзімге дейін тұрғындардың арасында бөлінеді.

Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 8 апатты үйдің тұрғындары көшіріліп, 90-нан астам отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Сонымен бірге үйлері мұнай базасына жақын орналасқан 39 разъездің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Back to top button