BasNewsЖаңалықтар

Оралда өзенде шомылып жүрген әйелді белгісіз біреу моторлы қайықпен жаншып өлтіріп кетті

Оралда белгісіз біреу моторлы қайықпен өзенде шомылып жүрген әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Basnews.kz.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 6 маусым күні сағат 22.15-те Шаған өзенінде орын алды.

Селекционный ауылына қарай, «Достық» саяжай қоғамы жағындағы шойын көпір тұсында белгісіз біреу моторлы қайықпен суға шомылып жүрген 1979 жылғы әйелді қағып кетті.

Әйел алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне сәйкес (өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 280 дана киік мүйізін тасымалдаған жүргізушінің ұсталғанын жазған болатынбыз.

Back to top button