BasNewsЖаңалықтар

9-11 маусым күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктер 9-11 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Basnews.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы үш күнде жоғары циклонның әсерінен Қазақстанның көптеген өңірлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

Тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында антициклонның ықпалымен күн ашық, жауын-шашын жаумайды.

Еліміздің батыс бөлігінде күндізгі температура көпжылдық орташа мәннен 0…4 градусқа жоғары, оңтүстік-шығыста нормадан 0…4 градусқа төмен, ал қалған аумақта температура норма шамасында болады.

Back to top button