BasNewsЖаңалықтар

Алматыда 178 млн теңгеге 20 модульдік әжетхана орнатылады

Алматы Туризм басқармасы қалалық дизайн-код бойынша әжетханаға модульдерін жасау және орнатуға қатысты тендер жариялады, деп хабарлайды Basnews.kz.

Қалада орталық кәрізге және сумен жабдықтау жүйесіне қосылған 20 әжетхана орнатылады. Заманауи әжетханалар мына жерлерге қойылады:

Достық даңғылы – 2 дана, Алматы зообағының кіреберісінде – 1 дана, Көк базардың қасында – 2 дана, Мемлекеттік қуыршақ театрында – 1 дана, «Отырар» қонақ үйінің жанындағы скверге – 1 дана, Алматы қаласының орталық мешітінің жанында – 1 дана, Арбатта – 2 дана, Панфилов көшесінде – 1 дана, Астана алаңында – 1 дана, ««Аэровокзал» СК – 1 дана, «Жас қанат» алаңы Тимирязев пен Бұқар жырау көшелерінің арасында – 1, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театры – 1, «Алатау» метро стансасы – 1, Жастар театры – 1 , А.Байтұрсынов алаңы – 1 , Үлкен Алматы көлі – 1, Бутаков шатқалы – 1 дана.

Сонымен бірге әжетхана модульдерін орналастыруды тапсырыс берушінің қалауы бойынша өзгертуге болатындығы нақтыланады. Оларды орнатудың мақсаты – Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау.

Техникалық сипаттама бойынша, есіктері металлдан жасалған, екі бөлмелі (ерлер мен әйелдерге) арналған.

Әжетхана ақылы. Төлемді жанында орналасқан терминал арқылы төлейді.

Қазіргі уақытта тендерге қатысуға өтінімдер қабылдау жарияланды. Сомасы 178,5 млн теңге.

Бұған дейін, Алматыда дизайн-код бойынша салынатын әжетхана эскиздері таныстырылған болатын. Авторлардың айтуынша, әжетхана автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс істейді. Есігі жабылғаннан кейін 15 минут өткен соң, ескерту дыбыстық дабыл қағылып, әжетхана есіктері автоматты түрде ашылады.

Back to top button