BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев карантин режимін сақтауға тағы шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин талаптарын сақтап, барынша мұқият болу керектігін еске салды, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның коронавирус жұқтырып алғанын жазған болатынбыз.

Осы жағдайдан кейін Мәжіліс мәлімдеме жасады.

Back to top button