BasNewsЖаңалықтар

Атырау көшелерімен ауыр жүкті алып өтті

Атырау қаласының көшелерімен ауыр жүкті алып өтті, деп хабарлайды Basnews.kz.

Бүгін «Sarens Kazakhstan» ЖШС ірі габаритті 5 технологиялық жабдықты тасымалдауды бастады. Бұл жүктер Оңтүстік Кореядан «Атырау өзен» портына жеткізілген еді. Енді оны Қарабатан ауылының маңындағы газ-химиялық зауытының құрылыс алаңына дейін тасымалдайды.

«Алып жүк Қожақаев көшесі мен Азаттық даңғылы, С.Датұлы, Элеватор, З.Қабдолов көшелері арқылы Бірлік ықшамауданына өтіп, «Атырау-Доссор» тас жолына бағыт алады.

Осыған орай, аталған көшелердегі кейбір бағдаршам, өзге де бағаналар жүк көлігіне кедергі келтірмес үшін алынады. Сондай-ақ, тасымал уақытында көрсетілген көше жолдары уакытша жабылып, ыстық су, жылу желісі мен электр энергиясы ажыратылады», деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мұндай ірі габаритті жүкті тасымалдау 21, 28 маусымда, сондай-ақ, 5, 12, 19 шілдеде жалғасатын болады.

Еске сала кетелік, Атырауда 5 жыл үзілістен кейін өзен порты жұмысын қайта бастады.

Back to top button