BasNewsЖаңалықтар

Коронавирус: 20-21 маусымда қандай шектеулер болады

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның бірқатар қаласында карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Basnews.kz Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қараганды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша:

• сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылады;

• қоғамдық тамақтану орындары тек даладаәрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;

• қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;

• қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;

• фитнес-орталықтарының қызметі тоқтатылады;

• 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

2. Тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендер бойынша:

• қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;

• 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

3. Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Еске салсақ, ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралған болатын.

Кеше Президент Қасым-Жомарт ТоқаевҮкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шараларын жариялайды деген еді.

Back to top button