BasNewsЖаңалықтар

Тәрбиешісі балаларды ұрған балабақшада тексеру басталды – Алматы

Алматыда балабақша тәрбиешісінің балаларды құлағынан бұрап, жекігені видеокамераларға түсіп қалған, деп хабарлайды Basnews.kz.

Бейнекадрда тәрбиеші орындықта айнала отырған балалардың бірін құлағынан бұрап, басқа бөлмеге қуып шыққан. Аз уақыттан соң екінші баланы да солай келесі бөлмеге қамады.

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, бұл оқиға №7 балабақшада болған. Қазір тексеру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы комиссия құрылған.

«Бұл дерек бойынша лауазымды тұлғалардың бәріне қатысты заңға сәйкес шара қабылданатын болады. Кадр сыртындағы дауыс бақша меңгерушісінің даусы ма ол жағы белгісіз. Заң алдында бәрі бірдей. Тексеру нәтижесі туралы кейінірек айтатын боламыз», – деді қалалық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

Back to top button