BasNewsЖаңалықтар

Атырауда инфекциялық стационарда орын жоқ, жаңасы ашылғалы жатыр

Атырауда инфекциялық стационар науқастарға толып қалды, деп хабарлайды Basnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Таңбаеваның мәлім етуінше, Атыраудағы инфекциялық стационарда 180 ғана кереует бар. Қазір бұл стационарда 193 пациент ем алып жатыр.

«Инфекциялық стационардың жансақтау бөлімінде жатқан жеті пациенттің үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қазір №2 облыстық инфекциялық ауруханадағы инфекциялық стационар науқастарға толып болды. Сол себептен, келесі аптада Махамбет ауданынан инфекциялық стационар ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Гүлнафис Таңбаева.

Еске сала кетелік, Атырауда 62 медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын хабарлап едік.

Back to top button