BasNewsЖаңалықтар

Коронавирус: Ақтаудан ұшатын бірқатар халықаралық рейс кейінге қалды

Коронавирус пандемиясына байланысты Ақтау халықаралық әуежайынан ұшатын бірқатар рейстер кейінге қалды, деп хабарлайды Basnews.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежайдың мәліметінше, COVID-19 қаупіне байланысты бірнеше әуе тасымалдаушы Ақтаудан халықаралық рейстерді кейінге шегерген.

Атап айтқанда, SCAT компаниясы 30 маусымға дейін мына рейстерді тоқтатты:

DV805/806 Ақтау-Мәскеу-Ақтау
DV811/812 Ақтау-Ыстанбұл-Ақтау
DV829/830 Ақтау-Краснодар-Ақтау
DV831/832 Ақтау-Минералдысу-Ақтау
DV835/836 Ақтау-Астрахан-Ақтау
DV837/838 Ақтау-Махачкала-Ақтау
DV841/842 Ақтау-Тбилиси-Ақтау
DV849/850 Ақтау-Баку-Ақтау

Сонымен қатар, ресейлік «Аэрофлот» компаниясы да 1 маусымнан бастап 16 қыркүйекке дейін Мәскеу-Ақтау-Мәскеу рейсі бойынша ұшпайтын болған.

Ал «Belavia» әуе компаниясы Минск-Ақтау-Минск рейсін кейінге шегерді.

Back to top button