BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттарын орындауға дайын

Бүгін ОПЕК+ министрлік мониторинг комитетінің отырысы өтті, оған ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Ноғаев мамыр айында ОПЕК + келісімі аясында Қазақстанның міндеттемелерін орындауы 71% құрағанын атап өтті. Мамыр айының алғашқы 12 күнінде өндірудің жалпы көлемі 3,13 миллион баррельді құрады, ол – ​ саланың инерттілігіне ​ байланысты.

Бұл тамыз және қыркүйек айларында қосымша қысқартумен өтелетін болады.

Министр Қазақстан ОПЕК+ келісімін, оның мұнай индустриясына әсерін оң бағалайтынын атап өтті.

Back to top button