BasNewsЖаңалықтар

Қызын түрмеден шығару үшін 7 млн теңге берген – елордада іс қозғалды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара беруге итермелеу фактісімен ұсталған Нұр-Сұлтан тұрғынына қатысты іс қозғады, деп хабарлайды Basnews.kz.

«15 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері елордалық әйелге қатысты тергеу амалдарын бастады. Ол қылмысқа итермелеу және алдау жолымен қызын түрмеден шығарып алмақ болған адамнан 7 млн теңге алу күдігіне ілікті. Бұл ақшаны пара ретінде жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғаға беретінін айтқан», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттіктің бүгінгі «Антикор LIVE» айдарында.

Сондай-ақ ведомство күдіктіні ұстау барысындағы видеоны ұсынды.

Back to top button