BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтан ауруханаларында коронавирус жұқтырған науқастарға орын жоқ – басқарма түсінік берді

Денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтанда толып кеткен аурухана туралы хабарламаға пікір білдірді, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде медициналық мекеменің толып кетуіне байланысты елордалық №1 көпсалалы қалалық аурухананың дәлізінде емделушілер жатыр деген хабарламалар пайда болды. Желіде бірнеше видео тарады.

https://www.instagram.com/p/CBnDlvfpHuD/

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі №1 көпсалалы қалалық ауруханада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылғандар саны күрт артқанын растады.

«Апта басында аталған ауруханада науқастар көбейіп кеткенде палата босағанша адамдарды дәліздерде уақытша орналастыру жағдайлары болды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

«Бүгінде палаталарға 200-ден астам адам қабылданып, орналастырылды. Тұрғындардан қаладағы эпидемиологиялық жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды сұраймыз. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті барлығына көрсетеді», – деп толықтырды басқарма өкілі.

Back to top button