BasNewsЖаңалықтар

Қарағанды облысында найзағай салдарынан 69 жылқы қырылды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жай түсіп, бірден 69 жылқы қырылды, деп хабарлайды Basnews.kz.

Оқиға Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округінің Жарлы ауылында болған.

«Қайындыкөл көлінде найзағай салдарынан 69 бас жылқы өлген», – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қырылған малдың 49-ы жылқы және 20-ы құлын болған. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының шығыны есептелуде.

 

 

Back to top button