BasNewsЖаңалықтар
ІІМ: Қордай ауданындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордайдағы оқиға бойынша 10 адамның көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«10 адам көз жұмды. 39 адам ауруханада жатыр. Сонымен біреге зардап шеккендердің ішінде бес полицей бар. Үшеуі қарудан жараланған. Алайда полиция қызметкерлері ешқандай қарудың қолданбағанын айтқым келеді», – деді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек, 8 ақпанда ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордайдағы оқиға салдарынан 8 адамның қайтыс болғанын мәлім еткен еді.



