BasNewsЖаңалықтар
Алматыда қайтыс болғандарды COVID-19-ға тексеру тоқтатылды

Алматыда аурухадан тыс жерде қайтыс болғандардан коронавирустың бар-жоғын анықтайтын міндетті тестілеу тоқтатылды. Қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осындай қаулы шығарды, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бекітілген құжатта медициналық ұйымнан басқа жерде қайтыс болғандардың денесіне коронавирусты анықтайтын лабораториялық талдау жүргізілмейтіні жазылған.
Сондай-ақ, медициналық мекемелердің стационарларынан тыс жерде дене табылса Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұрын емханада тіркеуде болғандарға өлім туралы анықтама беруін қадағалау керек.