BasNewsЖаңалықтар

Маусым айында елордаға жауын-шашынның үш айлық нормасы жауды

Маусым айында елордаға жауын-шашынның үш айлық нормасы жауды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Маусымның 1-і мен 27-сі аралығында елордаға 96 мм жаңбыр жауды. Бұл үш айлық нормамен пара-пар. Ал кеше, 27 маусымда 1 тәуліктің үшінде 39 мм жауын жауды. Ал бір айлық норма 37 мм құрайды», – делінген таратылған ақпаратта.

 

«Қазгидромет» мәліметінше, шілде айында елордада +23+33 градус ыстық болады. Дегенмен, ай бойы қысқа уақытқа күн салқындап отырады. Жаңбыр жауып, ұйытқып жел соғады. Түнде +7+12, ал күндіз +17+23 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.

Айта кетейік, кеше елордада қатты жауын жауып, қаланың бірқатар көшесін су басқан еді.

Back to top button