BasNewsЖаңалықтар

Оралда жаппай төбелес болды

Оралда Тұңғыш Президент алаңында Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының алдында жасөспірімдер жаппай төбелесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде осы оқиғаның видеосы жарияланды. Онда үш үш адамнан жекпе-жекке шыққаны түсірілген. Олар өзара төбелесе кетеді. Осы кезде куәгерлер барлығын ұялы телефонға түсірген.

«Сұмдық, бұл жігіттер неге сонша зұлым болды екен», – деп жазды әлеуметтік қолданушылардың бірі.

«Ережесіз жекпе-жекті көріп алғандар», – дейді басқасы.

БҚО полиция департаментінің өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Төбелескендердің барлығы анықталды. Олар қаладағы мектептердің бірінде оқиды, жастары 15-17 аралығында», – деді ПД өкілдері.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тергеу шаралары басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button