BasNewsЖаңалықтар

Семейде жеңіл көлік көпірдің қоршауын бұзып, өзенге құлады

Семейде жеңіл көлік көпірдегі қоршауды бұзып, Ертіс өзеніне құлады, – деп хабарлайды BasNews.kz.

Оқиға 7 шілдеге қараған түнде болды. BMW маркалы көлік ескі автомобиль көпіріндегі қоршауды бұзған. Куәгерлердің айтуынша, көлікте екі жолаушы – ер адам және әйел болған.

Көліктің мемлекеттік нөмірі анықталып жатыр. Әйел көліктен шығып, жағалауға дейін жүзіп жеткен. Оны сол жерден жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кетті.

«Хабарлама шамамен сағат 00.01-де түсті. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның «құтқарыңдар» деген даусы естілген. Кейін дауыс шықпаған. Қазір оқиға орнында шұғыл-құтқару тобы жетті. Құтқарушылар қайықпен ер адамды іздеп жатыр», – деп мәлімдеді Семей қаласы ТЖ басқармасындағылар.

Қазір көлікті кімнің айдағаны белгісіз және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Back to top button