BasNewsЖаңалықтар
Семейде жеңіл көлік көпірдің қоршауын бұзып, өзенге құлады
Семейде жеңіл көлік көпірдегі қоршауды бұзып, Ертіс өзеніне құлады, – деп хабарлайды BasNews.kz.
Оқиға 7 шілдеге қараған түнде болды. BMW маркалы көлік ескі автомобиль көпіріндегі қоршауды бұзған. Куәгерлердің айтуынша, көлікте екі жолаушы – ер адам және әйел болған.
«Хабарлама шамамен сағат 00.01-де түсті. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның «құтқарыңдар» деген даусы естілген. Кейін дауыс шықпаған. Қазір оқиға орнында шұғыл-құтқару тобы жетті. Құтқарушылар қайықпен ер адамды іздеп жатыр», – деп мәлімдеді Семей қаласы ТЖ басқармасындағылар.
Қазір көлікті кімнің айдағаны белгісіз және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.