Жаңалықтар

Қазақстанда соңғы 7 жылда 118 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Баспанa құрылысының қарқыны соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Мәселен, 2019 жылы 13,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 20,3 млн шаршы метрге дейін жеткен. Өсім – 7,2 млн шаршы метр немесе 55 пайыз. Ал биылғы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 11,3 млн шаршы метр баспана бой көтерген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайызға жоғары.

 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында 2023–2029 жылдар аралығында 111 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті қойылған. Бүгінгі таңда бұл тапсырманың орындалу деңгейі 61,8%-ды құрайды.

 

#жетіЖылдағыЖетістік #тұрғынҮй #баспана

Басқа жаңалықтар

Back to top button