Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Қоғамның тұрақты дамуы экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, азаматтардың бірлігімен, өзара құрметімен және ортақ жауапкершілігімен де өлшенеді. Осы тұрғыда Мемлекет басшысының Жолдауында ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және «Адал азамат» құндылықтарын орнықтыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Президент айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты мен азаматтық жауапкершілік ұстанымы әрбір қазақстандықтың қоғам алдындағы міндетін терең сезінуіне бағытталған.

 

Ұлытау облысы – тарихи мұрасы мен рухани құндылықтары арқылы ел бірлігінің символына айналған өңірлердің бірі. Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында тұратын тұрғындарды ортақ мақсат – туған өлкенің дамуы мен елдің өркендеуі біріктіреді.

 

Ұлттық бірлікті нығайтуда қоғамдық бастамалардың, жастар ұйымдарының, еріктілер қозғалысының және мәдени-ағартушылық жобалардың маңызы зор. Әсіресе жас ұрпаққа отансүйгіштік, еңбекқорлық, адалдық және өзара сыйластық құндылықтарын дәріптеу – болашаққа салынған инвестиция.

 

Азаматтық жауапкершілік күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден басталады. Қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға жанашырлық таныту, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау, өзгенің құқығын құрметтеу және туған жердің дамуына үлес қосу – әр азаматтың ортақ міндеті.

 

Бұл ретте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы да азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қозғалыс болып табылады.

 

Ұлытау өңірінің тарихи мұрасын сақтау, табиғатын қорғау және қоғамдық келісімді нығайту – барша тұрғынның ортақ ісі.

 

Бірлік бар жерде – береке бар. Ал жауапкершілігі жоғары қоғам – мемлекеттің тұрақты дамуының берік негізі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button