Жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

 

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – елдің саяси-құқықтық дамуындағы маңызды кезең. Ата Заң мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды жаңаша қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға бағытталған.

Жаңа Конституцияның басты ерекшеліктерінің бірі – адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде тану. Бұл қағидат азаматтардың заңды мүдделерін қорғаудың, олардың қоғам өміріне еркін араласуының және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттырудың негізін қалайды.

Ата Заңда заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше мән берілген. Конституцияның жоғары заңды күші мен оның бүкіл ел аумағында тікелей қолданылуы әрбір азаматтың құқықтық қорғалуына кепілдік беретін маңызды тетіктердің бірі болып саналады.

Сонымен қатар жаңа Конституцияда азаматтардың білікті заң көмегін алуына, жеке құқықтарын қорғауына және құқықтық қатынастардағы әділеттілік қағидаттарының сақталуына қатысты нормалар жетілдірілген.

Ұлытау облысы үшін де құқықтық мәдениетті дамыту мен азаматтардың заң алдындағы сауаттылығын арттыру маңызды. Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау және Жаңаарқа аудандарындағы тұрғындардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі.

Конституцияның мәні тек құқықтар мен бостандықтарды жариялаумен шектелмейді. Оның қағидаттары күнделікті өмірде, мемлекеттік органдардың қызметінде, азаматтармен өзара қарым-қатынаста нақты көрініс табуы тиіс.

Жаңа Ата Заң – құқықтық сауатты, жауапты және әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды негізі. Оның нормаларын құрметтеу және сақтау – мемлекет пен әрбір азаматқа ортақ міндет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button