BasNewsЖаңалықтар

13 шілде ұлттық аза тұту күні болып жарияланады – ҚР Президенті

13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланады. Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Дегенмен, «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде.

Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», деді Президент өз үндеуінде.

 

Back to top button