BasNewsЖаңалықтар

Алматыда қоғамдық көлікте маска тағу режимін камера бақылайтын болады

Алматы автобустарында маска режимін сақтауды камера бақылайды. Осындай пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Пилоттық жобаны жүзеге асыруды қолға алдық. Автобустарда маска режимін қадағалайтын камераларды іске қостық. Құрылғы адамдардың маска таққан, тақпағанын түсіреді. Содан кейін бұл деректер ахуалдық орталыққа, диспетчерлік пультке түседі. Сол жерден автобус жүргізушісіне хабарлама келеді. Жүргізуші автобусты тоқтатып салондағы жолаушыға маска тағуын немесе автобустан түсуін талап ете алады»,– дейді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Қала әкімі басшысы тұрғындарды маска тағып жүруге шақырды

Back to top button