BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев Мексикадағы елшіні қызметінен босатты

Андриан Елемесов Қазақстанның Мексика, Ямайка, Панама, Коста-Рика елдеріндегі елші қызметінен босатылды, деп хабарлайды Basnews.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды»,-делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button