BasNewsЖаңалықтар

Жексенбі күні елімізде коронавирус 337 адамнан анықталды

Ел өңірлерінде өткен тәулікте 337 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Коронавирус бойынша 16 тамыз сағат 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай: Қазақстанда өткен тәулікте 337 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 172 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді», – делінген ақпаратта.

Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы – 34 / 12

Алматы қаласы – 51 / 31

Шымкент қаласы – 4 / 2

Ақмола облысы – 24 / 15

Ақтөбе облысы – 2 / 2

Алматы облысы – 5 / 2

Атырау облысы – 10 / 6

Шығыс Қазақстан облысы – 36 / 11

Жамбыл облысы – 10 / 5

Батыс Қазақстан облысы – 24 / 15

Қарағанды облысы – 37 / 14

Қостанай облысы – 19 / 10

Маңғыстау облысы – 14 / 14

Павлодар облысы – 22 / 7

Солтүстік Қазақстан облысы – 25 / 11

Түркістан облысы – 20 / 15

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 103 033. Оның ішінде жазылды – 82 777, қайтыс болды 1269 науқас.

Басқа жаңалықтар

Back to top button