BasNewsЖаңалықтар
Елордада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Елордада жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Basnews.kz.
Департамент ақпаратына қарағанда, бүгін таңертең сағат 08:29-да 1976 жылғы азамат жүргізіп келе жатқан «Hyundai» жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатып, апатқа ұшыраған.
«Арнайы дыбыс белгісін қосып Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай жанама жолмен келе жатқан көлік №1 қарама-қарсы жаяу жүргіншілер көпірінің тіреуіне соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ», – деп атап өтеді ведомстводан.



