BasNewsЖаңалықтар
Елімізде коронавирустан бір аптада 65 адам қайтыс болды

24 – 30 тамыз аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 65 адам көз жұмды, деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 3
Алматы қаласында – 13
Шымкент қаласында – 1
Ақмола облысында – 4
Алматы облысында – 6
Атырау облысында – 10
Шығыс Қазақстан облысында – 12
Жамбыл облысында – 1
Батыс Қазақстан облысында – 3
Қарағанды облысында – 5
Қызылорда облысында – 2
Павлодар облысында – 5
Қазақстанда коронавирус жалпы 105 872 адамнан анықталды. Оның ішінде жазылып шықты – 96 889, қайтыс болды – 1588 науқас.
Сондай-ақ коронавирус белгілері бар пневмонияға барлығы 25 724 адам шалдықты. Оның ішінде жазылып шықты – 5 591, қайтыс болды – 292 науқас.



