BasNewsЖаңалықтар
Жексенбі күні елордада автобус жүрмейді

Бұл күні дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Basnews.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап
6 қыркүйек, жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтайды. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Сенбі күні қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді.
Дүйсенбі күннен бастап, 7 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке маска тағып кіру керек. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.



