BasNewsЖаңалықтар

Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Basnews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын», – делінген Жарлық мәтінінде.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button