BasNewsЖаңалықтар
20 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейді

Нұр-Сұлтанда 20 қыркүйек, жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Basnews.kz.
Бұл жайында қалалық әкімдіктің Instagram парақшасында хабарланды.
«Жексенбі күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Ал сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді» дейді әкімдіктен.
Айта кетейік, 21 қыркүйек – дүйсенбіден бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар жолға шығады.



