BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысының прокуроры мен ҰҚКД басшысы ауысты

Мемлекет басшысының келісімімен ҚР Бас прокурордың 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып Нұрғалым Әбдіров тағайындалды.

Нұрғалым Әбдіров 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы бастаған. Басшылық қызметтерде мол тәжірибесі бар. Бас прокуратураның үш департаментін басқарған.

Сонымен қатар Астана, Алматы, Оңтүстік-Шығыс өңірлік көлік прокурорларының бірінші орынбасары қызмет атқарған, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы прокуратураларын басқарған.

Прокуратура саласындағы еңбек өтілі 28 жылдан асады.

Бұған дейін Жамбыл облысының прокуроры болған Ж.Құсайынов ҚР Бас прокурора активіне есепке алынды.

Сондай-ақ, ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Марат Ирменов ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Бұған дейін Марат Ирменов ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

Жақында Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған Бердібек Сапарбаевпен кезінде бірге жұмыс істеді.

Бүгін Марат Ирменов жеке құраммен таныстырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button