BasNewsЖаңалықтар

Маңғыстауда карантин талаптары күшейтіледі

Маңғыстау облысында 13 қазаннан бастап жаңа шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстың қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуевтың 11 қазандағы қаулысына сәйкес, ертеңнен бастап өңірде карантин талаптары күшейеді.

Демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді.

Фитнес-орталықтар, жаттығу залдары жабылады. Сондай-ақ, кафелер мен мейрамханалар 21:00 дейін, ал киім-кешек, құрылыс базарлары мен гипермаркеттер 16.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, діни нысандар жұмысын тоқтатады.

Жергілікті полиция той, ас беру, садақа тарату секілді отбасылық мерекелерді өткізубек үшін патрульдік жұмыстарды күшейтеді.

Қаулыда жергілікті билік пен облыстың бас санитар дәрігері карантин талаптарын орындауды қатаң бақылауға алатыны жазылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button