BasNewsЖаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында 58 оқушы коронавирус жұқтырды

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны артты, – деп хабарлайды BasNews.kz

«11 қазандағы соңғы мәліметтер бойынша 58 оқушының коронавирус жұқтырғаны расталды, олардың 34-і кезекші топқа барған, 24-і қашықтан оқыған», – деді Шығыс Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Оқушылар арасында жұқтырғандардың көбі Риддер және Алтай қаласында тіркелген – 11 адамнан, сондай-ақ Глубокое ауданында 10 оқушы ауырып қалған.

Өскеменде 8 бала жұқтырған, оның алтауы қашықтан оқыған. Семейде 7 бала, біреуі қашықтан оқыған. Курчатов қаласында инфекция жұқтырған екі бала да кезекші топта оқыған.

«Егер аудандарды алып қарасақ, онда балалардың көбі Глубокое ауданында – 10 оқушы, Көкпектіде – 10 бала, сондай-ақ Шемонаихада – 2 оқушы, Күршім және Қатон Қарағайда – бір баладан жұқтырған. Ауырып қалғандардың көбі қашықтан оқыған», – деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button