BasNewsНовости

Президенттік жастар кадр резервіне екінші рет іріктеу жүргізілуде

Президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылды. Алғашқы тізімге 300 адам енді, ал биыл 50 адам ғана алынады, деп хабарлайды Basnews.kz  тілшісі.

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • Қазақстан Республикасының 35 жастан аспаған азаматтары
  • Жоғары білімінің болуы
  • Жалпы еңбек өтілі – кемінде 5 жыл
  • Орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді білу

Алдымен pkrezerv.gov.kz сайты арқылы өтініш беріп, қажетті құжаттарды жинақтап жүктеңіз.

  • ҚАБІЛЕТТЕРДІ ТЕСТІЛЕУ (ВЕРБАЛДЫ) — Барлық қатысушылар
  • ҚАБІЛЕТТЕРДІ ТЕСТІЛЕУ (САНДЫҚ) — Ең көп балл жинаған кандидаттардың 50%-ы
  • ТЕСТІЛЕУДІ ВЕРИФИКАЦИЯЛАУ — 1000 кандидаттан артық емес
  • СИТУАЦИЯЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ШЕШУ — 500 кандидаттан артық емес
  • ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ АССЕССМЕНТ-ОРТАЛЫҚ — 250 кандидаттан артық емес
  • ҚҰЗЫРЕТТЕР БОЙЫНША СҰХБАТ — 125 кандидаттан артық емес
  • САРАПШЫЛЫҚ КОМИССИЯДА ӘҢГІМЕЛЕСУ — 100 кандидаттан артық емес
  • ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ — 65 кандидаттан артық емес

Резервке 50 кандидат қабылданады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button