
Президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылды. Алғашқы тізімге 300 адам енді, ал биыл 50 адам ғана алынады, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- Қазақстан Республикасының 35 жастан аспаған азаматтары
- Жоғары білімінің болуы
- Жалпы еңбек өтілі – кемінде 5 жыл
- Орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді білу
Алдымен pkrezerv.gov.kz сайты арқылы өтініш беріп, қажетті құжаттарды жинақтап жүктеңіз.
- ҚАБІЛЕТТЕРДІ ТЕСТІЛЕУ (ВЕРБАЛДЫ) — Барлық қатысушылар
- ҚАБІЛЕТТЕРДІ ТЕСТІЛЕУ (САНДЫҚ) — Ең көп балл жинаған кандидаттардың 50%-ы
- ТЕСТІЛЕУДІ ВЕРИФИКАЦИЯЛАУ — 1000 кандидаттан артық емес
- СИТУАЦИЯЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ШЕШУ — 500 кандидаттан артық емес
- ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ АССЕССМЕНТ-ОРТАЛЫҚ — 250 кандидаттан артық емес
- ҚҰЗЫРЕТТЕР БОЙЫНША СҰХБАТ — 125 кандидаттан артық емес
- САРАПШЫЛЫҚ КОМИССИЯДА ӘҢГІМЕЛЕСУ — 100 кандидаттан артық емес
- ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ — 65 кандидаттан артық емес
Резервке 50 кандидат қабылданады.



